Әлеумет

Ақмола облысында әйелді азаматтық некедегі күйеуі ұрып өлтірген

Марқұмның туыстары істің әділ тергелуін, қылмыскердің қатаң жазалануын талап етіп жатыр.

Ақмола облысы Щучье қаласында ер адам бұрынғы қызын өлімші етіп сабап, мерт қылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде жазды. Айтуынша, марқұм сіңлісіне бұрынғы жігіті маза бермей, қыр соңынан аңдыған.

Айтуынша, амалы таусылған Әсем бұрынғы жігітімен жалдамалы пәтерде кездескен. Сол жерде жігіт қызды аса қатыгездікпен өлтіріп, артынша қылмыстың ізін жасыруға тырысқан.

Марқұмның туыстары істің әділ тергелуін, қылмыскердің қатаң жазалануын талап етіп жатыр. Айтуларынша, бұл оқиға қоғам назарын аударғанда ғана кінәлі жауапкершіліктен құтылып кетпейді.

Әсемнің артында 6 және 8 жастағы екі баласы қалды. Төрт жыл бұрын олар әкесінен айырылған. Енді анасынан да айырылып отыр.