Спорт

Жозе Моуринью «Реалға» қайта оралды

«Реал» клубы португалиялық маман Жозе Моуриньюдің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

Бұл шешімді клуб президенті Флорентино Перес жетекшілік ететін директорлар кеңесі бекітті. Моуриньюмен жасалған келісімшарт 2029 жылдың 30 маусымына дейін, яғни үш маусымға есептелген. 63 жастағы бапкер команданы 13 шілдеден бастап жаттықтыруға кіріседі.

Ресми хабарлама жарияланар алдында Лиссабонның «Бенфика» клубы Моуриньюдің «Реалға» ауысуға келісім бергенін мәлімдеген болатын. Ал мадридтік клубтың бұрынғы бас бапкері Альваро Арбелоа 9 шілде күні қызметінен кеткен.

Айта кетейік, Жозе Моуринью бұған дейін де 2010–2013 жылдары «Реалды» жаттықтырған. Оның жетекшілігімен команда Испания чемпионатын, Испания кубогын және Суперкубогын жеңіп алған.