Әлеумет

Шымкентте бойжеткеннің сөмкесінен есірткі табылған

Қылмыстық іс қозғалды. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның мәліметінше, ұсталған сәтте бойжеткеннің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ электронды таразылар мен есірткіні өлшеп, орауға арналған қаптама материалдары тәркіленген.

Осыдан кейін полицейлер күдіктінің жалға алынған пәтерінде тінту жүргізді. Пәтерден әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамм болатын есірткі салынған тағы 32 орам табылған.

Қылмыстық іс қозғалды. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.