Афины Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Қызылорда облыстық орталық музейінде ерекше форматтағы кездесуге қатысады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Танымал боксшы бұл жолы музей қонақтарына гид ретінде танылады. Ол келушілерге «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық көрме залындағы спорт бұрышын таныстырып, отандық спорт тарихы мен Қазақстан спортшыларының маңызды жетістіктері туралы әңгімелеп береді.
Шара барысында қатысушылар Олимпиада чемпионының өз аузынан спорттағы қызықты сәттерді, қиындықтар мен жеңіске жету жолындағы естеліктерді тыңдай алады. Сондай-ақ қонақтар ел намысын қорғаған спортшылар туралы тың деректермен танысады.
Кездесу 17 маусым күні сағат 15:00-де өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, кіру тегін.
Айта кетейік, Бақтияр Артаев бүгінде Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады. Ол бұл лауазымға екі жыл бұрын тағайындалған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Kazinform Informsport.kz порталын іске қосатын болды
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда ер адам жедел-жәрдем қызметкерлеріне пышақ алып жүгірген
- авторОймақ
- 11 маусым, 2026





