бейсенбі, 11 маусым, 2026 14:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үйдің бағасы төмендеп жатыр ма: баға азайғанын көрсетіп отыр

Үйдің бағасы төмендеп жатыр ма: баға азайғанын көрсетіп отыр
Gov.kz
Құлдырау үрдісі тек бір аймен ғана шектелмей, жыл басынан бері тұрақты сипат алып келеді.

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын үйді сатып алу-сату белсенділігі айтарлықтай төмендегені байқалады. 2026 жылғы мамыр айында ел бойынша баспана саудасына қатысты 30 420 мәміле тіркелді. Бұл көрсеткіш осы жылдың сәуір айымен салыстырғанда (35 154 мәміле) бірден 13,5%-ға азайып отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ұсынылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, тұрғын үй нарығындағы сұраныс өткен жылғы көрсеткіштерден де төмен. Осы жылдың мамыр айындағы белсенділік 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (33 986 мәміле) салыстырғанда 10,5%-ға кеміген. Құлдырау үрдісі тек бір аймен ғана шектелмей, жыл басынан бері тұрақты сипат алып келеді.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы тұрғын үй саудасының жалпы көлемі 2025 жылдың алғашқы бес айымен салыстырғанда 5,8%-ға төмендегенін көрсетті. Сарапшылар нарықтағы мұндай динамиканы ипотекалық бағдарламалардың шектелуімен және халықтың сатып алу қабілетінің өзгеруімен байланыстырады.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар