сәрсенбі, 10 маусым, 2026 17:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Семей тұрғыны қонаққа барған үйін тонап кеткен

Семей тұрғыны қонаққа барған үйін тонап кеткен
Фото: ашық дереккөз
Семейде полицияға 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, үйінен қонақтар кеткеннен кейін залдағы сандықшада тұрған алтын бұйымдардың жоғалғанын байқаған.

Ұрланған заттар қатарында – алтын сырға, білезік және жүзік бар. Келтірілген шығын мөлшері 1 млн теңгеден асады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні, қаланың 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұрланған зергерлік бұйымдар тәркіленді. Оқиға орнынан саусақ іздері алынып, фототүсірілім жүргізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейін тергеу басталды.

Күдіктіге қатысты процессуалдық шара ретінде келу туралы міндеттеме қолданылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар