ЖИ-мен "тазалаған" қызметкер жұмысынан кетті
Оқиға әлеуметтік желіден бастау алған.
Алматы қаласында ерекше жағдай тіркелді: Бостандық аудан әкімдігінде жұмыс істеген қызметкердің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оқиға әлеуметтік желіден бастау алған. Қызметкер аумақты тазалау жұмыстары туралы фотосурет жариялаған. Алайда кейін бұл суретке платформаның өзі «жасанды интеллект көмегімен өңделген немесе жасалған контент» деген белгі қойған.
Осы белгі желі қолданушыларының назарын аудартты. Пайдаланушылар суретті жан-жақты талдап, оның шынайылығына күмән келтірген. Нәтижесінде фотосуреттің ЖИ арқылы өңделгені жөнінде пікірлер күшейген.
Кейін қызметкер жағдайды өзі түсіндіріп, әрекетін мойындаған. Осыдан соң ол жұмыстан босатылғаны белгілі болды.
Әкімдік тарапынан қосымша тексеріс жүргізілмеген, себебі қызметкердің өзі түсініктеме берген.