Жәндіктердің қабырғалар мен төсек-орындарда еркін өріп жүргенін көруге болады. Аталған жағдайға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми жауап беріп, түсініктеме берді. Компанияның қабылдаған шаралары: Жоспардан тыс дезинсекция: Оқиға орын алған вагон соңғы станцияға жеткен бойда шұғыл түрде толықтай залалсыздандыру өңдеуінен өткізіледі. Тексеріс барысында бұл вагонға соңғы рет жоспарлы дезинсекция жұмыстары жуырда ғана, яғни 2026 жылдың 30 мамырында талаптарға сай жүргізілгені анықталды.
Тәртіптік жауапкершілік: Вагонның санитарлық жағдайының талапқа сай болмауына байланысты кінәлі қызметкерлер жазаланды. Комиссияны жауапқа тарту: Сапар алдында жылжымалы құрамның тазалығын тиісті деңгейде бақыламағаны үшін рейске дейінгі қабылдау комиссиясының барлық мүшелері де қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ орын алған қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






