сенбі, 6 маусым, 2026 20:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

Қазгидромет дауылды ескерту жариялады
Istockphoto
Елдің 17 облысында найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, қатты жел, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі.

«Қазгидромет» РМК бүгін, 6 маусымда бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады. Елдің 17 облысында найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, қатты жел, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, Түркістан, Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтілсе, Солтүстік Қазақстан облысында найзағаймен қатар бұршақ пен шаңды дауыл болуы мүмкін. Бұл өңірлерде желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында жаңбыр мен найзағай болжануда. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Сонымен қатар Павлодар және Абай облыстарында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Алматы облыстарының бірқатар аумақтарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ірі қалаларда да қолайсыз ауа райы күтіледі. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Қонаев, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Көкшетау және Атырауда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтап, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін назарда ұстауға кеңес береді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар