Өнер иесі туған күні қарсаңында өткен өміріне көз жүгіртіп, өзіне маңызды сұрақтар қойғанын айтты.
«41 жасқа келіппін… Жаңа отырып өзіме осы уақытқа дейін не істедім? Артымда не қалды? Кімге пайдам тиді? деп өзіме сұрақ қойдым. Ойлана келе, Алланың қалауымен көпбалалы отбасыларға 3 үй сыйлаппын. Бәлкім, бүгін көріп жүрген жақсылықтарым мен тыныштығым, сол жандардың шынайы дұғасының жемісі шығар», – деп жазды актер.
Сондай-ақ актер адам өміріндегі ең үлкен мұра байлық емес, жасаған игі ісі екенін атап өтті.
«Бір түсінгенім, адамның артында қалған ең үлкен із жиған дүниесі емес, жасаған жақсылығы екен. Өйткені, бұл өмірде жасаған жақсылық ешқашан жоғалмайды. Ол бір күні өзіңе жақсылық болып қайтады», – деп түйіндеді Жахан Отарғалиев.
Желі қолданушылары актердің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, туған күнімен құттықтап, жасаған қайырымды істеріне ризашылықтарын жеткізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





