Қоғам

Қостанайда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталғаннан кейін қамауға алынды.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында 2026 жылғы 2 маусымда Қостанай тергеу соты күдікті Оразбаеваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп мәлімдеді Қостанай облыстық прокуратурасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны белгілі болған еді. 

Kazinform агенттігінің мәліметінше, 1 маусым күні тергеу аясында бірқатар тергеу іс-шарасы атқарылған. Лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізілген. 

Дәл осы күні ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталған.