сәрсенбі, 3 маусым, 2026 14:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Депутат Қазақстандағы мектеп бітіру кештерін сынға алды

Депутат Қазақстандағы мектеп бітіру кештерін сынға алды
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Жарқынбек Амантайұлы Қазақстандағы мектеп бітіру кештеріне қатысты мәселе көтеріп, мұндай іс-шараларды өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, мектеп бітіру – әр азаматтың өміріндегі маңызды белес.

Алайда кейінгі жылдары мектеп бітіру рәсімі тәрбиелік мазмұнынан алыстап, әлеуметтік бәсекенің, дарақылықтың және орынсыз даңғазалықтың көрінісіне айналып бара жатқаны қоғамды алаңдатып отыр.

"Биылғы соңғы қоңырау кезінде еліміздің бірнеше өңірінде қымбат автокөліктен құралған кортеждер ұйымдастырылып, жол қозғалысы ережесі өрескел бұзылды. Алматы қаласында мектеп түлектерінің автокортежіне байланысты 21 кәмелетке толмаған баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Ал Маңғыстау облысында түлектердің қымбат көліктермен шеру өткізіп, әлеуметтік желіде сән-салтанатты насихаттаған видео кеңінен тарады", - деді Жарқынбек Амантайұлы.

Оның айтуынша, мәселе тек автокортеждермен шектелмейді.

"Биыл қоғамда ерекше талқыланған тағы бір құбылыс – мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысы болды. Әлеуметтік желіде жүздеген гүлден құралған композициялар, қымбат сыйлықтар мен салтанатты рәсімдер қалыпты жағдай ретінде көрсетілді.

Өкінішке қарай, мұндай бәсеке көптеген отбасыға ауыр психологиялық және қаржылық қысым түсіргені анық. Кейбір ата-аналар баласының қатарынан қалмауы үшін қарыз алуға, бөліп төлеуге гүл немесе сыйлық алуға мәжбүр болғанын ашық айтылуда.

Бұл жағдай әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары арасында психологиялық тұрғыда оңай болмайтыны белгілі", - дейді Жарқынбек Амантайұлы.

Депутаттың пікірнше, мектеп қабырғасындағы мұндай көріністер жас ұрпақтың санасында тұтынушылық психологияны, жалған бедел мен сыртқы әсерге табынуды қалыптастыруы мүмкін.

Осыған байланысты Жарқынбек Амантайұлы үкіметтен:

мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеуді;

соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде орынсыз сән-салтанатқа, автокортеждерге және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеу бойынша нақты тетік енгізуді;

білім беру ұйымдарында әлеуметтік бәсекені емес, тең мүмкіндіктер мен рухани құндылықтарды дәріптейтін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;

Оқу-ағарту министрлігі тарапынан мектеп бітіру мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ұлттық тұжырымдамалық ұсыныстар әзірлеуді сұрады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар