"Жеткілікті шекті біз есептемейміз": Еңбек министрі зейнетақы жинағына қатысты пікір білдірді
"Заңнамаға сәйкес бұл міндет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүктелген".
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Асқарбек Ертаев журналистердің көкейіндегі өзекті сауалдарға жауап берді. Ол зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану үшін белгіленетін жеткілікті шегіне қатысты өзгерістердің мән-жайын түсіндіріп, Еңбек кодексіне енгізілуі мүмкін деген даулы түзетулер жөніндегі қауесеттер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жеткіліктілік шегін есептеу тәртібі өзгеретіні туралы хабарлардан кейін журналистер бұл жаңашылдықтың қанша қазақстандықтың зейнетақы жинағындағы артық қаражатты пайдалану мүмкіндігіне әсер ететінін сұрады. Алайда министрлік әзірге нақты мәліметтің жоқ екенін айтты.
Асқарбек Ертаевтың сөзінше, министрлік тек есептеу формуласын жаңартумен айналысқан. Ал нақты көрсеткіштерді есептеу басқа қаржы ұйымының құзыретіне жатады.
Журналистер көтерген екінші мәселе қоғамда қызу талқыланып жатқан жұмыстан босату туралы қауесеттерге қатысты болды. Қоғамдық кеңес заңнамаға өзгеріс енгізіп, еңбек қауіпсіздігі бойынша емтиханнан қайта өте алмаған қызметкерлерді жұмыстан шығаруға рұқсат беруді ұсынды деген ақпарат тараған еді.
Алайда министрлік өкілі мұндай жоспардың бар екенін үзілді-кесілді жоққа шығарды.
Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты жаңа жеткіліктілік шектерінің нақты мөлшері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ресми түрде жариялағаннан кейін белгілі болады.