Актер Рүстем Жаныамановтың тұңғыш ұлы қайтыс болды
Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманованың тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет қайтыс болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова түрлі сұхбаттарында ұлдарының ауыр сырқатпен күресіп жүргенін айтқан еді. Ерлі-зайыптылар бірнеше жыл бойы Нұрмұхамметтің денсаулығы үшін ем-дом іздеп, оның сауығып кетуі үшін бар күш-жігерін жұмсағанын жеткізген еді.
Жанаргүл Жаныаманова бұған дейін Stan.kz басылымына берген сұхбатында өнердегі жолы мен отбасылық өмірі туралы да сыр шерткен.
Өнер иесі алғашында баласының ауруының белгілеріне мән бермегенін де жасырмаған.
Отбасының айтуынша, бұл ауыр сынақ олардың қарым-қатынасын да өзгертіп, бір-біріне деген қолдауды күшейткен.
Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.