сейсенбі, 2 маусым, 2026 10:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Актер Рүстем Жаныамановтың тұңғыш ұлы қайтыс болды

Актер Рүстем Жаныамановтың тұңғыш ұлы қайтыс болды
Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманованың тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет қайтыс болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова түрлі сұхбаттарында ұлдарының ауыр сырқатпен күресіп жүргенін айтқан еді. Ерлі-зайыптылар бірнеше жыл бойы Нұрмұхамметтің денсаулығы үшін ем-дом іздеп, оның сауығып кетуі үшін бар күш-жігерін жұмсағанын жеткізген еді.

Жанаргүл Жаныаманова бұған дейін Stan.kz басылымына берген сұхбатында өнердегі жолы мен отбасылық өмірі туралы да сыр шерткен.

«6 жыл бойы тұңғышымыздың дертімен күрестік. Бір-бірімізге тек күш беру арқылы ғана бұл сынақты еңсердік. Өйткені оңай болған жоқ. Мұндай жағдайда көп отбасы ажырасып кетуі мүмкін. Кейде әкесі бүкіл жауапкершілікті әйелдің мойнына артып, ізім-қайым жоқ болып кететін жағдайлар да болады. Мен мұны сатқындық деп есептеймін. Қандай сынақ түссе де, өзің таңдаған адаммен өмірдің соңына дейін бірге болу керек», – деген еді актриса.

Өнер иесі алғашында баласының ауруының белгілеріне мән бермегенін де жасырмаған.

«Басында мұрнынан қан кете бастады. Бұған көбісі мән бермейді, біз де мән бермедік. Ол кезде баланы тіпті балабақшаға бермеу керек еді, бірақ біз жұмысқа байланысты бердік. Екі ай балабақшаға барды, кейін жағдайы нашарлады. Дегенмен мен сол дертке қазір рақмет айтамын. Ол бізге көп нәрсе үйретті, рухани тұрғыда өстік. Бір-бірімізді тереңірек түсіндік, жақындай түстік», – деген болатын актриса.

Отбасының айтуынша, бұл ауыр сынақ олардың қарым-қатынасын да өзгертіп, бір-біріне деген қолдауды күшейткен.

Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар