дүйсенбі, 1 маусым, 2026 17:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дариға Бадықова сотта тағы жеңілді: шешім өзгеріссіз қалды

Дариға Бадықова сотта тағы жеңілді: шешім өзгеріссіз қалды
Фото: Instagram / Дариға Бадықова
Сот Дариға Бадықованың апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды қорғаған ісі бойынша, Дариға Бадықованың апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмай, тағы да жеңгенін жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Инга Иманбайдың айтуынша, Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған. Инга Иманбай бұл дегеніміз құқықтық позициясының заңды әрі негізді болғанының дәлелі екенін айтты. 

«Кейде журналистерге қарсы қысым азаматтық қысым арқылы жасалады. Нұрсейіт Жылқышыбайдың сөз бостандығы мен кәсіби құқығын қорғап шықтық. Бірінші сотта да, апелляцияда да жеңіп шықтық. Заң эмоциямен емес, дәлелмен жұмыс істейді. Алматы облыстық сотының қаулысына сәйкес, Сот Дариға Бадықованың апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды», — деп жазды Инга Иманбай.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрсейіт Жылқышыбай Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтан сұхбат алған еді. Сұхбатта Дархан Мұсаев Дариға Бадықова екеуінің асырап алған баласы жайлы және әйелінің басқа біреумен көңіл қосқаны жайлы сөз қозғаған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар