Демалыста қандай кино көреміз: киноафиша
Бұл аптада Қазақстан кинотеатрларында көрермен назарына қорқынышты триллерлерден бастап отбасылық комедиялар, қиял-ғажайып оқиғалар мен шытырман фильмдерге дейін әртүрлі жанрдағы жаңа премьералар ұсынылды. Киноафиша заманауи драмалар, детективтер және анимациялық туындылармен толықты.
Киноафиша жаңарды: Қазақпарат жаңа апта премьераларына шолу ұсынды.
ЖОЛАУШЫ (Пассажир)
Жанры: қорқыныш
Ұзақтығы: 94 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Андре Эвредал
Жас жұп шөлейт жолда жүргізушінің жұмбақ өліміне куә болады. Осы оқиғадан кейін олардың соңына зұлым күш түседі. Одан ешқайда қашып құтылу мүмкін емес — қайда барса да, қараңғы күш ізіне еріп отырады.
БАҚЫТТЫ ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА (Билет в счастливую жизнь)
Жанры: драма
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Андерс Линдуолл
1990 жылдар. Бак Висконсиндегі шағын фермада жары Маргарет пен жетім қалған немересі Дженнимен бірге тұрады. Қарттың ең үлкен арманы — ферманы немересіне аманат ету. Алайда Дженни үлкен қалаға кетіп, музыка саласында бағын сынауды қалайды.
Бірақ олардың жоспарын банк алдындағы қарыз бұзуы мүмкін. Бак бірнеше төлемді уақытында өтей алмай, ашкөз банкир Джерридің ферманы тартып алу қаупі төнеді. Тығырықтан шығу үшін Бак банкирмен келісімге келеді: егер оның сүйікті футбол командасы шешуші ойында жеңіске жетсе, ферма өз иелерінде қалады.
Осы кезде қалаға әйгілі әнші Билли келеді. Дженни оған өз әндерін көрсетіп, арманына бір қадам жақындауға мүмкіндік алады.
АРМАНДАУДЫҢ ЗИЯНЫ ЖОҚ (Мечтать не вредно)
Жанры: комедия, спорт
Ұзақтығы: 121 минут
Ел: Франция, 2026
Режиссер: Антони Марсьяно
Тағдырдың тосын тоғысуы өмірі қиындыққа толы екі жігітті табыстырады. Бірі дүкенде сатушы болып істесе, екіншісі әуежайда тазалықшы болып қызмет етеді. Екеуін біріктіретін ортақ құмарлық — баскетбол. Ақшасы да, танысы да жоқ олар спорт агенті болуға бел буады. Осылайша жігіттер үлкен ақша мен биік мақсаттар әлеміне қадам басады. Алайда арманға жету үшін оларға тапқырлық, табандылық, өзіне деген сенім мен әзілден айырылмайтын мінез қажет.
БАТЫРЛАР (Богатыри)
Жанры: комедия, қиял-ғажайып, отбасы
Ұзақтығы: 91 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Павел Воронин
Заманауи мектеп оқушысы Ваня күтпеген жерден сиқырлы өткелден өтіп, Ежелгі Русь дәуіріне тап болады. Сол жерде ол ержүрек батырлар Федор мен Ратибормен танысады.
Үшеуі бірігіп, зұлым сиқыршы Гордейден бұрын құпия артефактілерді тауып үлгеру үшін қазіргі заманға оралуға мәжбүр болады. Өйткені Гордей ол жәдігерлердің көмегімен алып зұлым күшті оятуды көздейді.
АРАМ АҚША (Грязные деньги)
Жанры: атыс-шабыс, триллер
Ұзақтығы: 98 минут
Ел: Ұлыбритания, АҚШ, 2026
Режиссер: Гай Ричи
Қатыгез магнат Салазар миллиард долларды қолды қылғаннан кейін, Сид пен Бронко ұрланған ақшаны қандай жолмен болса да қайтаруға кіріседі. Бұл — кез келген адамның басын қатерге тігетін аса қауіпті тапсырма. Алайда Рейчел мен оның таңдаулы командасы айлакер алаяқты тұзаққа түсіру үшін мұқият жоспар құрады. Кейін олар қару асынып, жағдайды өз бақылауына алу мақсатында Салазардың аралына аттанады.
ҚҰТ
Жанры: балаларға арналған, қиял-ғажайып
Ұзақтығы: 80 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Айхан Чатаева
Бұл көне түркілердің аңыздары мен мифтерін айтуды жақсы көретін Қайсар есімді баланың оқиғасы. Бір күні белгісіз біреулер киелі Бесқарағай өңіріне қауіп төндіреді. Бұл жағдай Асхат, Қайсар және Дарияны алаңдатып, оларды жұмбақ оқиғаның сырын ашуға жетелейді.
ПАПАСЫНЫҢ ҚЫЗЫ
Жанры: шытырман оқиға, комедия, отбасы
Ұзақтығы: 75 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Асар Абулхайров
Жалғызбасты әке қызының «Үлкен саяхатқа шығу» деген арманын орындау үшін екіжүзді әрі қатал бастығының дөңгелекті үйін ұрлап әкетеді. Мұны білген бастық ашуға булығып, оларды қууға кіріседі. Қызы үшін бұл сапар — өміріндегі ең ұмытылмас әрі ғажайып оқиғаға айналады: жаңа жерлер, күлкілі жағдайлар және күтпеген кездесулер қатар жүреді.
Бұл оқиға әке мен қыз арасындағы шынайы жақындық пен сенімге апаратын жылы әрі әсерлі жол туралы баяндайды.
АМЕРИКАЛЫҚ МАНЬЯК (Американский маньяк)
Жанры: детектив, триллер
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Кайл Каувика Харрис
КОЩЕЙ. ТІРІ СУДЫҢ ҚҰПИЯСЫ (Кощей. Тайна живой воды)
Жанры: мультфильм, ертегі, отбасы
Ұзақтығы: 75 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Роман Артемьев
Ертегілер әлеміндегі ең жұмбақ бойдақ әрі ажалсыз Кощей ақыры өз қалыңдығын табады. Үш жүз жыл бойы іздегеннен кейін ол сүйіктісі Варварамен үйлену тойына дайындалады, бірақ ертегідегі оқиғалар ешқашан оңай болмайды. Өз бақыты үшін Кощей алыстағы патшалықтың опасыз билеушісі Моревнамен қарсы тұруға мәжбүр болады. Сүйіктісін құтқару үшін ол адал серігі Елисейді тауып, Колобокпен бірге қауіпті сапарға аттанады. Оларды жол бойында көптеген сынақтар, таңғажайып оқиғалар және қатыгез айдаһар күтіп тұрады. Алайда шынайы достық пен махаббат кез келген ғажайыпты жасай алады.
ҮЙДЕ ЖАЛҒЫЗ ЕМЕС 3. ТҮЛЕКТЕР КЕШІ (Не одна дома 3. Выпускной)
Жанры: шытырман оқиға, комедия, отбасы
Ұзақтығы: 107 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Митрий Семенов-Алейников
Маша опасыз күтушімен қайтадан бетпе-бет келеді. Бірақ бұл жолы оның жанында жаңа одақтасы — сүйкімді алаяқ Антон бар. Енді Маша үшін өте маңызды мектеп бітіру кеші үлкен қауіптің астында қалды. Ол өзінің досы Егормен бірге қылмыскерлерді тоқтатып, жылдың ең маңызды мерекесін құтқаруы керек.