Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Екі ел «Орталық Азия – Ресей» форматында жемісті жұмыс атқарып жатыр

Ақордада кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізілуде.

Ақордада кеңейтілген құрамда ресми делегация мүшелерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөздері өтіп жатыр. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық айрықша назар аударуға лайық екенін атап өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің көпжақты алаңдар аясындағы ықпалдастығына мән берді.