Қоғам

Бойжеткеннің денесі Есіл өзенінің жағалауынан табылған: басына пакет оралыпты

Марқұмның әкесі іс материалдарында бірқатар маңызды жайттар ескерусіз қалғанын мәлімдеді.

Астанада 20 жастағы студент Айсәуле Қанаханың өліміне байланысты тың мәліметтер жария болды. Марқұмның жақындары ресми айтылған суицид нұсқасына күмәнмен қарап отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, бойжеткеннің денесі Есіл өзенінің жағалауынан табылған. Ең шошытатыны — оның басында полиэтилен пакет болғаны айтылуда. Отбасы бұл жағдайдың өз-өзіне қол жұмсауға ұқсамайтынын алға тартып, тергеудің толық әрі әділ жүргізілуін талап етуде.

Марқұмның әкесі іс материалдарында бірқатар маңызды жайттар ескерусіз қалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, банкоматтағы әрекеттер, телефондағы деректер және кибералаяқтыққа қатысты ықтимал іздер жан-жақты тексерілмеген.

Қазіргі таңда полиция «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда іс бойынша нақты қорытынды әлі жарияланған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

Желі қолданушылары бұл оқиғаның әділ әрі ашық тергелуін талап етіп, әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр.