"Ұстазыңа жасалған сатқындық": белгілі продюсер Меруерт Өтекешоваға араша түсті
Бұған дейін актрисаның үстінен "Шабыт" өнер академиясының студенттері арыз жазған болатын.
Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова аты аңызға айналған актриса, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешоваға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Баян Алагөзова Instagram парақшасында бұл оқиғаға байланысты өткір жазба жариялады.
Kznews.kz мәліметінше, "Шабыт" өнер академиясының студенттері Меруерт Өтекешовадан бас тартып, арыз жазған. Алайда кейін олар бұл арызды жазуға декан Ернияз Бірімқұлов итермелегенін айтып шағымданған.
Порталдың жазуынша, қазір студенттер әділдік талап етіп отыр.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/282094-ustazyna-zasalgan-satqyndyq-baian-alagozova-meruert-otekesovaga-arasa-tusti