дүйсенбі, 25 мамыр, 2026 11:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Достарымен бәстескен жасөспірім суға батып кетті

Достарымен бәстескен жасөспірім суға батып кетті
Magnific.com
Қостанай облысындағы Лисаковск қаласы маңындағы Тобыл өзенінің бойында қайғылы оқиға болды.

Биік жартастан суға секірген жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Halyqstan телеграм арнасы.

Оқиға тұрғындар арасында «Қара жартас» немесе «Скалка» деп аталатын демалыс орнында болған. Бұл жер жастардың суға секіріп, экстремалды демалыс жасауымен танымал болғанымен, мамандар оны аса қауіпті аймақтардың қатарына жатқызады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім достарымен бәстесіп, биік жардан суға секірген. Алайда суға түскеннен кейін қайта шықпай қалған. Іздеу жұмыстары барысында оның денесі ағыспен төмен кеткен арнадан табылған.

Төтенше жағдайлар қызметі бұған дейін де аталған аумақта шомылуға болмайтынын бірнеше рет ескерткен. Себебі бұл жерде арнайы жағажай жабдықталмаған, құтқарушылар да кезекшілік атқармайды.

Мамандар ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылауға шақырып, жастарға өміріне қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болу керегін ескертті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар