сенбі, 23 мамыр, 2026 10:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Белсенді Оразалы Ержановқа қатысты үкім шығарды

Белсенді Оразалы Ержановқа қатысты үкім шығарды
видео скрин
Ержановқа бес жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты заңгер және «Elge Qaitaru» қорының жетекшісі Оразалы Ержановқа қатысты үкім шығарды. Ол сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіру бабы бойынша айыпты деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бас бостандығын шектеуден бөлек, Ержановқа бес жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Жарыссөз кезінде прокурор дәл осындай жазаны сұраған болатын.

«Біз сот үкімімен келіспейміз және апелляциялық шағым түсіреміз», - деді белсенді сот отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, белсенді ақпан айының соңында ұсталған еді. Алдымен оның үйінде тінту жүргізіліп, кейін ол 10 тәулікке қамауға алынды. Соңынан оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар