Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады
- авторОймақ
- Бүгін, 09:05
- 83
Соңғы қоңырау қарсаңында отандық тегін BilimClass электрондық журналы ерекше акция ұйымдастырып жатыр. Енді мектеп оқушылары мен ата-аналар платформа ішінде мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын жолдай алады.
BilimClass мәліметінше, мұндай виртуалды сыйлықтар — жыл бойы балаларға білім беріп, қолдау көрсеткен мұғалімдердің еңбегіне деген шынайы құрметтің белгісі.

«Енді әрбір оқушы ұстазын жылдам әрі шығынсыз құттықтай алады. Гүл шоғын сыйлау үшін оқушылар мен ата-аналар BilimClass платформасындағы гүл белгішесін басып, мұғалімдерді таңдап, оларға жүрекжарды тілегін жазып жібере алады. Науқан 26 мамырға дейін жалғасады. Ол күні мұғалімдер барлық гүл шоқтарын алып, оқушыларынан келген хаттарды оқи алады», — дейді BilimClass өнім жетекшісі Фархат Үсен.
BilimClass — қазақстандық тегін электрондық журнал. Платформа құрамына мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және терең аналитика да кіреді. Жүйе толықтай отандық және пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығына кепілдік береді. Бүгінгі платформаны Қазақстанның 13 өңірінде 2,2 миллион оқушы мен 300 мыңнан аса мұғалім қолданады.

Платформаны цифрлық білім беру технологиялары саласында 15 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан Bilim Group IT холдингі әзірлеген. Бүгінде компания экожүйесіне OnlineMektep, BilimLand, BilimKids, BilimUstaz, Kitap.kz, SmartNation және өзге де өнімдер кіреді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






