Әлеумет

Абай облысында бейіт басында бір әйел жоғалып кеткен

Зейнеткер отбасымен бірге бейіт басына барған.


Абай облысының полицейлері 68 жастағы әйелді дронмен іздеген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткер отбасымен бірге бейіт басына барған. Алайда мазар басына барған соң жақындары зейнеткерден көз жазып қалған. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмаған соң полицияға хабарласқан.

Кейін қарияның жол бойына шығып, көліктердің бірімен қалаға кеткенін анықтаған. Телефон деректері арқылы қай жерде жүрген жерін тапқан.

Қазір қарияның өміріне қауіп жоқ.