Қоғам

Ақмола облысында шахтада екі адам ажал құшты

Бестөбе кенішінде екі ер адам үйінді астында қалып қойды

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бестөбе кеніші опырылып, екі ер адам қаза тапты. Марқұмдардың бірі – 38 жаста, ал екіншісі – 21 жаста болған.

«Полиция қызметкерлері, тергеу тобы және құтқару қызметтері оқиға орнына дереу жіберілді. Шұғыл құтқару жұмыстарынан кейін марқұмдардың денелері табылып, жер бетіне шығарылды», – деп хабарлады ведомство.

Степногор полиция бөлімі бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі (қорғалатын нысанға заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бейресми дереккөздерге сүйенсек, марқұмдар компания қызметкерлері емес.