Руханият

«Алтын ханымның" сыйақысы: Ақмоншақ Нұртаза ұстаздарға ерекше сый жасады

"Қуанышты адам ғана айналасына қуаныш сыйлайды".

Әлеуметтік желідегі тренд видеоларымен танылған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза ұстаздарға арнап Астанада екі күндік рухани сапар ұйымдастырды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жоба «Алтын ханым» байқауынан алған сыйақы есебінен жүзеге асып, педагогтарды шабыттандыру мен қолдауға бағытталған.

Біз бұл бастаманы жеке қаражатыммен, яғни «Алтын ханым» жобасынан иеленген сыйақымның есебінен толықтай әлеуметтік мақсатта ұйымдастырдым. Бұл - коммерциялық емес, таза жүректен туған жоба. Сонымен қатар, қатысушыларымызға арнайы қолдау көрсеткен ұжымына алғыс айтамыз: олар біздің үздік ұстаздарымызға біліктілік арттыру курстарына қатысуға арнайы сертификаттар табыстады.

Әрбір сәт педагогтарымыздың өзін «жұлдыз» сезінуіне, шабыттануына арналды.