сейсенбі, 19 мамыр, 2026 18:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ҚМДБ Құрбан айт намазының ресми кестесін жариялады

ҚМДБ Құрбан айт намазының ресми кестесін жариялады
Kursiv.media
Бас шаһар Астанамен қатар Алматы және Шымкент қалаларында мерекелік намаз таңғы сағат 06:00-де басталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы Құрбан айт намазының өңірлер бойынша бекітілген ресми кестесін жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бас шаһар Астанамен қатар Алматы және Шымкент қалаларында мерекелік намаз таңғы сағат 06:00-де басталады.

Еліміздің басым бөлігінде де құлшылық уақыты сағат 06:00-ге белгіленген, алайда географиялық ерекшеліктерге байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында айт намазы сағат 06:30-да оқылады. Айт намазы екі рәкәттан тұрады және ол мешіттерде жамағатпен жария түрде орындалады, бұл намазда азан мен қамат айтылмайды.

Ислам шариғатында айт сөзі араб тілінен аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Мұсылман үмбеті үшін жылына екі рет – Рамазан және Құрбан айт намаздарын оқу уәжіп саналады және бұл үкім Құран мен сүннет дәлелдеріне сүйенеді.

Құрбан шалу – Жаратушының берген несібелеріне шүкіршілік ету және күнә-қателіктердің кешірілуі үшін орындалатын маңызды ғибадат. Дәстүр бойынша мұсылмандар шалған малының етін отбасына, туған-туыстары мен мұқтаж жандарға таратып, сол арқылы қоғамдағы береке-бірлік пен жанашырлықты арттыруға үлес қосады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар