сейсенбі, 19 мамыр, 2026 10:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсады

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсады
Фото: "Криминалды Қазақстан" телеграм арнасы
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған.

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына қарасты Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"Криминалды Қазақстан" телергам арнасының мәліметінше, Ерлан Смайылов ауылдық округ әкімі қызметіне 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Оған дейін ол «Майское-Агро» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Бұл соңғы жарты жылдағы осындай алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйінде табылған еді. Сондай-ақ Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің де өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарланған болатын.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар