Әлеумет

Атыраудағы қылмыс: Бүгін Сәрсемәлиевтің соты басталады

Ол енесін, атасын, қайын ағасы мен қайын апасын өлтірді деген күдікке ілінген.

Бүгін Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот процесі басталады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына түсті. Алғашқы ашық сот отырысы сағат 11:00-ге белгіленген.

Айыпталушы – Сұлтан Сәрсемәлиев. Ол енесін, атасын, қайын ағасы мен қайын апасын өлтірді деген күдікке ілінген.

Істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Бұл шулы қылмыс бұған дейін Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырған еді.