дүйсенбі, 18 мамыр, 2026 9:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ерлан Қарин Президент жайлы жазба жариялады

Ерлан Қарин Президент жайлы жазба жариялады
Фото: Ақорда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізде жүріп жатқан реформалар мен жаңару үдерісі туралы пікір білдірді.

Қариннің пікірінше, қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар нақты нәтиже беріп жатыр. Өңірлерде жаңа автожолдар, теміржолдар, әуежайлар, сапаржайлар мен көпірлер салынып, халық игілігіне берілуде.

Ол бұл жобалардың басты мақсаты – қарапайым халықтың өмір сапасын жақсарту екенін атап өтті. Президенттің ұстанымы да дәл осы бағытқа негізделген.

Сонымен қатар ол елдегі оң өзгерістер алдағы уақытта да жалғасатынын, жаңа жобалар әлі де көп жүзеге асатынын айтты.

Қариннің сөзінше, ең үлкен жетістіктердің бірі – қоғамдағы сананың өзгеруі. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын жалпыұлттық құндылық ретінде қалыптастыруға күш салып отыр. Оның айтуынша, бұл құндылықтар әр азаматтың күнделікті әдетіне айналуы тиіс.

Сөз соңында ол жастар айтып жүргендей, «қазақтың прайм-эрасы басталды» деген пікірге сенетінін жеткізді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар