сәрсенбі, 13 мамыр, 2026 10:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандық кәуаптың сүйегіне қақалып көз жұмды

Қазақстандық кәуаптың сүйегіне қақалып көз жұмды
Magnific.com
Маңғыстау облысының Жармыш ауылында 56 жастағы ер адам демалыс кезінде кәуаптың сүйегіне қақалып көз жұмды.

Зардап шеккен азаматқа көмек көрсетуге талпыныс жасалғанымен, ол оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы "Astana TV" телеарнасы мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде техникалық қызметкер болып жұмыс істеген. Ол мамыр мерекелері кезінде әріптестерімен бірге табиғат аясына шыққан.

"Аталған факі бойынша материал "001 – адамның қайтыс болуы" санаты бойынша тіркелді, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп түсініктеме берді Айгерім Ибатуллаева.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар