Қазақстан экономикасы өсіп жатыр: ЖІӨ 3,6%-ға артты
2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан экономикасы 3,6%-ға өсті.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, өсімге әсіресе құрылыс, зауыт-фабрикалар, көлік және сауда салалары әсер еткен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Қаңтар–сәуір аралығында өнеркәсіп өндірісі 2,1%-ға артқан. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 9,9%-ға өсті.
Ең жоғары өсімдердің бірі машина жасау саласында байқалды. Бұл бағыт 23,3%-ға артқан. Яғни елде көлік, ауыл шаруашылығы техникасы, теміржол жабдықтары мен электр құрылғылары көбірек шығарыла бастаған.
Басқа салаларда да өсім бар.

Жалпы, биыл экономиканың негізгі салалары тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, қазір экономикада шикізаттан бөлек басқа салалардың да рөлі күшейіп келеді. Яғни ел экономикасын енді тек мұнай емес, құрылыс, өндіріс, сауда мен көлік салалары да алға тартып отыр.