Руханият

Алагөзова қамзолды иесіне қайтарды

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Танымал продюсер Баян Алагөзова желідегі парақшасында актриса Меруерт Өтекешовамен кездескен видеосын жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Кездесу алдында Баян Алагөзова өте қатты қобалжып тұрғанын айтты. Актрисаны бірден көрген сәтте-ақ ол өзінің ілтипатын білдірді.

"Мен өте қатты қобалжып тұрмын. Сізді өмірімде алғаш рет көріп тұрмын, өте қуаныштымын. Оралдық қыздар иіліп сәлем бермейді, бірақ мен сізге иіліп тұрып сәлем берейін. Өйткені сіз керемет жансыз. Сондай-ақ сіз менің жерлесім екеніңізге қуанамын", – деді Баян Алагөзова.

Ал Меруерт Өтекешова өзіне көрсетілген сый-құрметке ризашылығын білдіріп, өзі үшін атақ-даңқтан бұрын өнердің биік тұратын атап өтті.

"Өзімді дәл осылай болғанына шынымен таңғаламын. Өз-өзіме таңғаламын. Егер адам өнерге өзін арнаса, ол басқа нәрсенің бәрін ұмытады. Өнерге барын арнайды", – деді Меруерт Өтекешова.

Сондай-ақ сұхбат барысында Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильміндегі тарихи қамзолды Меруерт Өтекешоваға тапсыратынын айттып, бұл тарихи жәдігердің тағдырын өзіңіз шешіңіз деді. Сонымен қатар ол алдағы "Қазақ аруы" байқауында дәл осы қамзолдың үлгісіндегі арнайы киімдерді тіктіріп жатқанын айтты.