Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторОймақ
- Бүгін, 09:19
- 24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта болған жарылысқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Президент суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтіп, қаза тапқандардың жақындарына сабыр, жарақат алғандарға тез арада сауығып кетулерін тіледі.
Қайғылы оқиға Хунань провинциясының Люян қаласындағы "Huasheng" кәсіпорнының цехында болған. Ресми мәліметтерге сәйкес, жойқын жарылыс салдарынан 26 адам қаза тауып, 61 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Төтенше жағдай орынында түнде 500-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта зауыт аумағындағы тағы екі оқ-дәрі қоймасы жарылу қаупін тудырып отыр. Осыған байланысты жергілікті билік кәсіпорыннан үш шақырым радиуста тұратын тұрғындарды шұғыл эвакуациялады. Мамандар оқиғаның себептерін анықтап, қауіптің бетін қайтару шараларын жүргізуде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






