Астанада LRT стансаларының бірінен дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт шықты, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
Оқиға Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу барысында пластик құбырлар мен мақта тұтанған.
Өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын толық өшірілген.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала





