Руханият

"Өтекешова пәтер жалдап тұрады": Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Журналист мұны «ақылға сыймайтын әділетсіздік» деп бағалады.

Белгілі журналист Дана Нұржігіт бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Журналистің айтуынша, Меруерт Өтекешова  Астанада пәтер жалдап тұрады екен. Ол  мұны «ақылға сыймайтын әділетсіздік» деп бағалады. 

Дана Нұржігіт актрисаның тек өнерімен ғана емес, ұлттық мұраға қосқан үлесімен де ерекшеленетінін атап өтті. Оның айтуынша, Қыз Жібек фильмінің көшірмесін сақтап, Мәскеудегі Мосфильм архивінен алдыртып, елге жеткізуі – үлкен ерлікке тең іс.

Дана Нұржігіт Меруерт Өтекешованың биыл 75 жасқа толғанын еске салып, оған лайықты жағдай жасау – қоғамның міндеті екенін айтты. Ол мұны тек мерейтоймен шектелетін құрмет емес, нақты әлеуметтік қолдауға ұласуы тиіс мәселе деп есептейді.