Қоғам

Қазақстан Журналистер одағы байқау жариялады

Қазақстан Журналистер одағы 2026 жылғы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай жыл сайынғы байқау өтетінін жариялайды.

2026 жыл ел өмірінің барлық саласында жаңа технологияларды дамыту, цифрландыру үдерісін одан әрі ілгерілету және жасанды интеллектті кеңінен енгізу мақсатында «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды.

Сонымен қатар, дәстүр бойынша байқауға қатысушылар тақырыпты, формат пен жанрды таңдауда еркіндікке ие. Соның ішінде журналистік зерттеу бағытына басымдық беріледі.

Байқауға 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 1 маусым аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, фотосуреттер, радио және бейнесюжеттер қабылданады. Жіберілетін материалдар саны – бесеуден аспауы тиіс.

Байқауға материал қабылдау 2026 жылғы 2 маусымда аяқталады.

Материалдар мен анкеталық мәліметтер тек электронды түрде union-press@kazmedia.kz поштасына жіберілуі қажет. Хатта жарияланған материалдарға сілтемелер көрсетілуі тиіс. Анкетада жұмыс орны, лауазымы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны және материалдары жарияланған басылымдар көрсетілуі керек.

Байқау қорытындысы 16 маусымда жарияланады. Байқау лауреаттары 2026 жылғы 26 маусымда тұрғылықты жері бойынша Журналистер одағының өңірлік филиалдарында марапатталады.