Қоғам

Нұрай Серікбайдың өлімі: күдіктіге қатысты тың ақпарат шықты

Шымкент қаласында болған Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын. Құзырлы органдар істің ең маңызды кезеңдерінің бірі — сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы шыққанын мәлімдеді

Қоғамды дүр сілкіндірген бұл қайғылы оқиға бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізілді. Сараптама нәтижесі күдіктінің қылмыс жасаған сәтте өз іс-әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен.

«Тергеу амалдары аяқталуға жақын. Жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, күдікті «есі дұрыс» деп танылды. Ол заң алдында өз іс-әрекетіне толықтай жауап береді», — деді ҚР ІІМ вице-министрі Санжар Әділов.