Ләйлә Сұлтанқызы модель болып, подиумға шықты
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, жаңа қырынан көрінуден қорықпау керектігін айтты.
Алматыда өткен Fashion Week Almaty сән апталығы биыл тек дизайнерлік топтамаларымен емес, ерекше қонақтарымен де көптің есінде қалды. Солардың қатарында танымал тележүргізуші әрі медиаменеджер Ләйлә Сұлтанқызы бар. Ол күтпеген жерден подиумға модель ретінде шығып, жиналған жұртшылықты таңғалдырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Көрсетілімнен кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, жаңа қырынан көрінуден қорықпау керектігін айтты.
Сән кешінің ең әсерлі сәттерінің бірі – көрермендер арасынан түсірілген видео болды. Онда тележүргізушінің анасы қызының подиумдағы жүрісін ерекше толқыныспен тамашалап отырғаны байқалады. Анасының мейірімге толы жанары мен қуанышы әлеуметтік желі қолданушыларына ерекше әсер қалдырып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.