Актриса Ғазиза Тілеубай некесінің не себепті бұзылғанын айтып берді
Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді.
Танымал актриса Ғазиза Тілеубай режиссер Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, ажырасудың басты себебі – ерлі-зайыптылардың бір-бірін толық танып үлгермеуі және отбасылық өмірге дайын болмауы.
Сондай-ақ ол некеден кейінгі өмірдің күрделі кезеңдеріне де тоқталды. Айтуынша, үйленгеннен кейін көп ұзамай жүкті болып, жаңа ортаға бейімделу мен тұрмыстық өзгерістер қатар келген.
Актриса жүктілік кезеңінің де оңай болмағанын жасырмады. Оның сөзінше, ол жеті ай бойы оқшау қалған.
Айта кетейік, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза Тілеубай 2023 жылдың сәуір айында некелерін қиған. Кейін актриса қызы бір жасқа толған соң Шымкентке, ата-анасының жанына көшкенін айтты.
Айта кетейік, Қуаныш Бейсек — «Ирина Кайратовна» жобасының авторларының бірі.