"Бұл жаңалықты әлеуметтік желіден естідім": Меруерт Өтекешова сыйақы туралы пікірін білдірді
"Бізде бизнес болған жоқ, бір жалақыға қарап жұмыс істедік".
Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңызы Меруерт Өтекешеваға жасаған ерекше тартуы талқылануда. Продюсер актрисаға құндыз тон сыйлап, өмірінің соңына дейін ай сайын 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріп тұруға уәде берген болатын, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
24KZ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешеваға хабарласып, мән-жайды біліп көрді. Аңыз актриса бұл жаңалықты өзі де әлеуметтік желіден естіп, таңғалғанын жасырмады. Оның айтуынша, Баян Алагөзовамен осы уақытқа дейін бетпе-бет кездесіп, сөйлеспеген.
«Қыз Жібектің» камзолы туралы Көпшілікті мазалаған сауалдың бірі - аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильміндегі камзолдың Баян Алагөзоваға қалай жеткені болды.
Сонымен қатар, сұхбат барысында Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың бұл қадамын өнерге деген құрмет деп түсінетінін жеткізді.
Продюсердің ұсынған сый-сияпатын қабылдау мәселесіне келгенде, Меруерт Өтекешева әлі нақты шешім айтпады. Себебі, екі тарап әлі кездесіп, жүзбе-жүз сөйлеспеген. Халықтың сүйікті актрисасына көрсетілген мұндай құрмет әлеуметтік желі қолданушыларының арасында жылы лебіз тудыруда. Ендігі кезек - қос өнер иесінің ресми кездесуінде.