сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 12:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан су добынан жағажайдағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Қазақстан су добынан жағажайдағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды
Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Шешуші матчта ұлттық құрама Оңтүстік Корея командасымен кездесті.

Жағажай Азиадасындағы соңғы ойында қазақстандық спортшылар қарсыласын 3:0 есебімен ұтты (4:2, 2:1, 3:2). Осы жеңістің арқасында команда қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Саньядағы су добы жарыстары айналмалы жүйе бойынша өтті, яғни әр команда бір-бірімен кездесті. Қазақстан құрамасы бес матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, екі ойында жеңіліп қалды.

Жағажайдағы Азия ойындарында ел намысын Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы жүлде саны жетіге жетті. Бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков чемпион атанса, су добынан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ Батыр Теңізбай, Сейілхан Болатбек және Әлинұр Қуатұлы джиу-джитсудан қола жүлдеге ие болды. Ал Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден үздік үштікті түйіндеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар