Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін жұрт алдына шығып, келінімен кездесті
- авторОймақ
- Бүгін, 00:27
- 21
Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін қайта жұрт алдына шығып, келіні Аида Әлиевамен кездесті, деп хабарлайды Politico.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
«Әйелдің өмір жолы туралы керемет кеш болды, рақмет», – деп жазды ол.
Айта кетейік, Әлия Назарбаева осыған дейін 2026 жылдың 15 наурызында Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өткен жиында Қайрат Боранбаевпен бірге бой көрсеткен еді.
Аида Әлиева Қазақстандағы ең бай 75 адамның қатарына кіретін Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлінің келіншегі екені белгілі. Ал Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының үшінші перзенті Әлия Назарбаева осыған дейін 3 рет тұрмысқа шығып, 4 бала сүйген.
Айта кетейік, күні кеше экс-президенттің тоқалы Әсел Исабаева да көпшілік алдына шығып, жұрт назарына іліккен болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





