сейсенбі, 28 сәуір, 2026 22:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сот үкімінен кейін Жанабыловтар қателіктерін түсінгенін айтты

Сот үкімінен кейін Жанабыловтар қателіктерін түсінгенін айтты
Видеоны олардың адвокаты Гауһар Айтжанова жариялаған.

Үкім жарияланғаннан кейін блогерлер ерлі-зайыпты Жанабыловтар сот пен прокуратураға, сондай-ақ қазақстандықтарға алғыс білдірді, – деп хабарлайды Oimaqnews kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоны олардың адвокаты Гауһар Айтжанова жариялаған.

Онда Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанабылов өз қателіктерін түсінгендерін айтып, көпшілікті мұндай әрекеттерден аулақ болуға шақырған.

«Сотқа және прокуратураға қабылданған шешім үшін алғыс айтамыз. Бізді қолдаған, жылы лебізін білдірген барша отандастарымызға да рақмет. Өз қатемізді түсіндік, мұндайды қайталамаңыздар», – деді олар үндеуінде.

Айта кетейік, блогерлер қоғам қолдауын сезінгенін айтып, елдің тілегі өздеріне үлкен күш бергенін жеткізді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар