Әлеумет

Ер адам әйелі мен өгей ұлын пышақтаған: қанды қылмыс Қостанай облысында болған

Қайғылы оқиға тұрмыстық жанжал кезінде болған.

Қостанай облысында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

25 сәуір күні Жітіқара қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адам өз жұбайы мен оның кәмелетке толмаған ұлына пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан 15 жастағы жасөспірім алған ауыр жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Ал түрлі жарақат алған әйелге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға тұрмыстық жанжал кезінде болған. Күдікті әйелдің ресми жұбайы болғанымен, қаза тапқан жасөспірім оның туған баласы емес, әйелдің бірінші некесінен туғаны анықталған.

Құқық қорғау органдары күдіктіні оқиға орнынан көп ұзамай ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған. Сондай-ақ күдіктінің бұрын сотталған-сотталмағаны тексеріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» және «адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша іс қозғалды. Тергеу барысы өңірлік полиция басшылығының бақылауында