Қоғам

Жанәбіловтерге қандай жаза тағайындалатынын мәлімдеді

Прокурор мәміле аясындағы жазаны атады.

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев тергеумен жасалған мәміле қорытындысы бойынша Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қандай жаза тағайындауды ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

Прокурор мәміле аясындағы жазаны атады: Жанәбіловке – шартты түрде екі жыл, ал жұбайына – дәл сондай мерзімге бас бостандығынан айыру сұралды.

Блогерлер келтірілген шығынды 247 млн теңгеден астам мөлшерде өтеп қойған.

Сондай-ақ Жанәбіловке жұмысы немесе оқуы болмаса, түнгі уақытта үйден шықпау, бір ай ішінде жұмыссыз ретінде тіркелу міндетін жүктеу сұралды. 

Айыпталушылар процессуалдық келісімге өз еркімен барғандарын растады.

Судья әрқайсысынан жеке-жеке нақтылап сұрады:

— Келісімді өз еркіңізбен жасадыңыз ба?
— Иә, өз еркіммен.
— Қолдайсыз ба?
— Қолдаймын.

Блогерлердің адвокаты да сотқа келтірілген шығынның өтелгенін растайтын түбіртекті ұсынды.

Сот шешімі сағат 16:30-да жарияланатыны хабарланды.