Грузияда Қазақстан азаматы ұсталды: өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- авторОймақ
- Бүгін, 09:42
- 41
Қазақстан азаматы аса ірі мөлшердегі есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бозбалаға 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі ауыр жаза қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан азаматымен бірге Украина азаматы да қамауға алынды: екі айыпталушы да 2008 жылы туған.
Ұстау шараларының әртүрлі уақытта жүргізілгені атап өтілді. Оларға есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды, сақтады және сатуға көмектесті деген айып тағылып отыр.
«Айыпталушылардың жеке заттары мен уақытша тұрып жатқан баспанасын тінту кезінде, сондай-ақ тергеу эксперименті аясында олар көрсеткен орындардан құқық қорғаушылар айғақты зат ретінде аса ірі мөлшердегі «метадон» есірткі затын тәркіледі. Сонымен қатар, полиция есірткіні буып-түюге қажетті материалдарды тапты», - делінген Грузия ІІМ хабарламасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
Иран АҚШ-пен келіссөздердің екінші раундына қатысудан бас тартты — ИРНА
- авторОймақ
- 20 сәуір, 2026






