Түркістан облысында жарысқа бара жатқан үш бала көлік апатынан қаза тапты
Апат Арыс - Шардара тас жолында болған.
Сұмдық апат 22 сәуір күні Арыс - Шардара тас жолында болған. «Chevrolet Cobalt» маркалы жеңіл көлік «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, оқиға орнында үш жолаушы, балалар көз жұмған. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы аман қалды, олар ауруханаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, көлікте спортшылар жаттықтырушысымен бірге болған. Олар жарысқа бара жатқан.
«Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Зиятов.
Полиция департаментінің мәліметінше, балаларды тасымалдау туралы құзырлы органдарға алдын ала хабарланбаған.