Әлеумет

"Балам бұл видеоны таратқан жоқ": мобилографтың анасы мәлімдеме жасады

Қазіргі таңда бұл жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Әлеуметтік желіде "Хан" лақап атымен танымал асаба мен оның жұбайына қатысты тараған жеке видеоларға байланысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz   Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Аталған іске күдікке ілінген 16 жастағы мобилографтың анасы алғаш рет көпшілік алдына шығып, ұлының кінәсіз екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жасөспірімге тағылып отырған айып шындыққа жанаспайды.

Ол сондай-ақ ұлының жұмыс барысында жұмыс берушінің телефонынан жабық бейнематериалдарды ұрлауы мүмкін емес екенін айтты. Бұдан бөлек, жасөспірімнің еңбекақысы толық төленбегенін де атап өтті.

Қазіргі таңда бұл жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Қоғам белсенділері мен қолданушылар істің әділ қаралуын талап етіп, кәмелетке толмаған баланың құқықтары толық қорғалуы тиіс екенін айтып отыр.