Әлеумет

Алматыда бейтаныс ер адам аялдамада зейнеткерді ұрып соққан

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматының Бостандық ауданындағы аялдамалардың бірінде егде жастағы әйелге жасалған қатыгез шабуылдың видеосы желіде тарап кетті. Шабуыл жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Осы ауданның тұрғындары шабуылдаушының психикалық ауытқуы бар екенін жазып жатыр.

Бейнежазбаны зардап шеккен әйелдің қызы жариялады. Оның айтуынша, белгісіз жас жігіт айналада ешкім жоқ сәтті күтіп, 66 жастағы әйелге артынан келіп, еш себепсіз аяусыз соққыға жыққан.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы қатты алаңдаушылық туғызып отыр. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.